ЕАЭО елдері жүк тасымалын бақылауға қатысты жаңа келісім жасасты

indochina247.com

Транзиттік жүк тасымалын бақылау үрдісі оңтайландырылды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері сөзден нақты іске көшті. Тараптар екі жылдық келіссөздерден кейін жаңа шартқа тұрды. Келісім навигациялық пломбалар қолдануға қатысты болды.

Сарапшылардың пікірінше, бұдан былай Еуропа мен Қытай арасында қатынайтын жүк еш кедергісіз жетеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Олег Понкратовтың айтуынша, жаңа ереже жол мен қағаз машақатын шешеді. Енді бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдердің аумағынан өтетін барлық жүк бойынша ақпарат ұлттық жүйе арқылы онлайн түрде көрсетіліп тұрады.

Олег Панкратов, ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі:

- Сандық үлгіге көшіп жұмыс істеудің арқасында әкімшілік кедергілер біршама қысқарады. Нәтижесінде бизнес иелері өз жүктерін діттеген жеріне жылдам жеткізетін болады. Ақпарат онлайн түрде алмасады. Дәл осы норманың келісімге енуіне біздің қазақстандық әріптестеріміз бастамашы болғанын ерекше атап өткім келеді. Біз бұл ұсынысты құп көріп, келісімге міндетті түрде енгізу керек деген шешім шығардық.

×