Қазақстанда энергия тұтынудың жаңа нормативтері енгізіледі

Қазақстанда энергия тұтынудың жаңа нормативтерін енгізу жоспарланған. Атап айтқанда, энергия тиімді мемлекеттік сатып алулар енгізілмек. Бұл мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеуді қамтамасыз етеді және энергия тұтынатын жабдықтар нарығын қайта құруға серпін береді. Бұл үшін арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  хабарлауынша, ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу мәселелері бойынша жауапты адамдарды енгізу ұсынылады. Олар энергия менеджерлерінің рөлін атқармақ. Басқа да нормалар қарастырылған. Бұл – энергия тұтыну нормативтерін қабылдау, олардың сақталуына мониторинг жүргізу, бенчмаркинг және энергия тиімділік бойынша тиісті ұсынымдарды беру. Басты мақсат – «жасыл» экономикаға өту жолында жалпы ішкі өнімнің энергосыйымдылығын төмендету.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов