Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бұл туындысы YouTube желісінде 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген.

Ал өткен мамыр айында британдық хит-парадта көш бастады. Осылайша америкалық рэпердің ремиксі ең танымал ондық композицияның ішіне кірді. Осы жетістіктен кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбыс жазу компаниясымен келісімге отырды.

Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.