БЖЗҚ 120 мыңнан астам азаматтың зейнетақы шотын жабатынын мәлімдеді

Қазақстандықтардың ешқандай салымы жоқ зейнетақы шоттары бір айдың ішінде жабылады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Есепшоттарды жабу зейнетақы жинағын есепке алуды жүргізудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Жаңа талаптар бойынша, БЖЗҚ-да бұрын ашылған, бірақ белгілі бір себептермен аударым жасалмаған шоттар жабылады.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы жоқ шоттардың саны шамамен 121 мың бірлікті құрайды.