Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Осы жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% ҚХР-дан, 4,6% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 4% басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3% және зейнеткерлер 17,3% құрайды.