«Хабар SHOW» YouTube арнасына жазылған көрермендер саны 2 миллионнан асты

«Хабар SHOW» YouTube арнасына жазылған көрермендер саны 2 миллионнан асты

«Хабар» телеарнасының YouTube желісіндегі «Хабар SHOW» ресми аккаунтына жазылушылар саны 2 миллионнан асты.

Бүгінде «Алтын батырма» және «Күміс батырмаға» ие «Хабар SHOW» каналы отандық сериалдар мен шоу-бағдарламаларды, сондай-ақ қызықты сұхбаттарды онлайн және тегін қарауға зор мүмкіндік береді.