«Тұмар» телевизиялық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Бәйгеге 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфирінен өткен тележобалар қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, кәсіби телевизиялық контент шығаратын студиялар мен компаниялар ұсына алады.

Бибігүл Құламан, ұйымдастырушы:

- «Тұмар» ұлттық бәйгесі 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл бесінші рет өткізіліп жатыр. Барлық журналист пен медиа мамандардан өтінім қабылдау 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жалғасады. Біз жеңімпаздарды сәуір айының аяғында анықтайтын боламыз. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының арасында белді медиа мамандар мен кәсіби сарапшылар бар. Биылғы «Тұмарда» журналистер 10 номинация бойынша бәйгеге түсе алады.

Сондай-ақ биыл дәстүрлі номинациялардан өзге айрықша бір аталым қарастырылған. Оның атауы әзірге жарияланбайды. Байқау жеңімпаздары «Тұмар» мүсіншесімен қатар, бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алады. Марапаттау рәсімі карантиндік шараларға орай елордада жабық түрде өтеді.

Авторы: Ақзер Сегізбай