ҚР Ұлттық музейінде Сақ кезеңіндегі археологиялық зерттеулер туралы кітап таныстырылды

Еліміздің Ұлттық музейінде «Катартобе. Некрополь сакской элиты Жетысу» атты кітап көпшілікке таныстырылды. Бұл екі мемлекет – Қазақстан мен Корея Республикасы зерттеушілерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Үш жыл бойы археологтар Алматы облысының тарихи орнын зерттегенін, сол жұмыстың нәтижесі кітапқа  енгінін атап өткен жөн. Туынды корей тілінде де жарық көрді.

Басылымға сол кездегі қоғам, антропология, әлеуметтік мәртебе, экономика, жерлеу рәсімдері және өзге де деректер енді. Археологтардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, мыңнан астам артефактілер жиналып, олар республикамыздың бас музейіне табысталды.

Айта кетейік, ҚРҰлттық музейі мен Кореяның мәдени мұрасын зерттеу ұлттық институты археология саласында одан әрі тығыз ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.

СӘУЛЕ РАХЫМЖАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазақстанда бірлескен экспедициялар өткізіледі. Біз Кореяға барып, олардың тәжірибесін ала аламыз, олар біздің тәжірибемізді ала алады. Осындай бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған. Үш жыл бойы көптеген зерттеулер жасалып, өте қызықты мәліметтер анықталды. Әрине, қазба жұмыстарын жалғастыру қажет.