COVID-19 дәуіріндегі медиа трендтер және БҰҰ ТДМ іске асыру үрдістері

Пандемия медиа салаға оң әсерін тигізді. Саланың мүмкіндіктері артып қана қоймай, журналистикаға деген сенім де күшейді. Халықаралық онлайн-конференция барысында Рейтер институты мен Оксфорд университетінің профессоры Ник Ньюманның зерттеулері жарияланды. Ол бірден екі тақырыпқа арналды. Бірі «Пандемияның медиа салаға әсері» болса, екіншісі «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үрдістері қандай болды?» тақырыптары.

Автордың баяндамасы 43 елден 234 респонденттің сауалнамасы негізінде дайындалды. Қатысушылардың қатарында цифрлық технологиялардың көшбасшылары, бас редакторлар және медиакомпаниялардың басқа да өкілдері бар. Конференцияда бас қосқандар журналистиканың келешегіне өз көзқарастарын білдірді, 2021 жылға медиа болжамдарын айтты, сондай-ақ COVID-19 дәуірі кезеңінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша үздік жобаларды ұсынды. Онлайн шараның жұмысына ТМД елдерінен, оның ішінде Қазақстан, Украина, Әзербайжан, сондай-ақ Еуропа мен Азиядан 100-ден астам сарапшы қатысқанын атап өткен жөн.

ЛИ ГЮ-Э, ОҢТҮСТІК СЕУЛ ЖӘНЕ КЕНГИДОНЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ТОБЫ (IWPG) ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Бірге өмір сүру, қалпына келтіру, қарым-қатынас» - бұл біздің биылғы жылғы ұстанымымыз. Іс-шара аясында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу тақырыптарын талқылаймыз. Сондай-ақ, осы конференцияның арқасында біз білім беру саласы мен БАҚ-тағы жаңа өзгерістерге қадам жасаймыз деп сенемін.

Авторы: Ақзер Сегізбай