Шетелде ұлы Абайдың 14 мәдени орталығы ашылды

2020 жылы халықаралық деңгейде атап өтілген Абайдың 175 жылдығына пандемияда кедергі болған жоқ. Қазақтың ұлы ақыны, философ және композитордың мерейтойына орай шет мемлекеттерде Абай атындағы 14 мәдени орталық ашылған.  Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Вице-министр Нұрқиса Дәуешов мәлім еткендей, елімізде хәкім Абайға 8 ескерткіш орналытған.  Сондай-ақ, ойшылдың еңбектері әлемнің тағы да 10 тіліне аударалып, «Абайтану» басылымының 10 томдығы жарық көрді.  

Авторы: Ақзер Сегізбай