Е. Досаев БЖЗҚ-дан алдын-ала төлем шығару туралы айтты

Қазақстандықтар бірыңғай зейнетақы жинағынан алынатын ақшаның 87% баспана мәселесін шешуге жұмсамақ. Бұл қаражаттың жартысынан көбін салымшылар тұрғын үй сатып алу немесе ипотекалық несиені жабуға пайдаланады. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

Ол  осы күнге дейін азаматтардан 115 мыңнан астам өтінім түскенін, оның 78 мыңы қазір қаралып жатқанын жеткізді. Қаржылық реттеу ұйымы басшысының айтуынша, ай басталғалы бері зейнетақы активтері шамамен  2% өсіп, 13 триллион тенгеден асқан.