«Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстанның әскери тарихы» атты кітап жарық көрді

kazakhstan_news

Қазақстандық жауынгерлердің ерлігі баяндалатын мұрағат құжаттары мен тарихи деректер. Нұр-Сұлтан қаласында Майдан Құсайыновтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның әскери тарихы» атты кітабы оқырман қауымға таныстырылды. Басылым екі бірдей тарихи оқиғаға арналған. Оның бірі – Ленинград қаласын фашистік блокададан азат ету және Сталинградтық шайқас. Сондай-ақ, еңбекте сұрапыл жылдары майдангерлер қолданған қару-жарақ пен кеңес және неміс әскерлерінің киімдері мен жабдықтары жайында мәліметтер келтірілген. Кітапқа сол сұрапыл жылдардағы майдан далаларына қатысты жүргізілген картографиялық зертеулердің нәтижесі кірістірілген. Автор туынды өскелең ұрпақ тәрбиесіне аса пайдалы болады дейді. Осыған орай мектептер мен орта және жоғарғы білім ордаларының кітапханаларына таратылады.   

Майдан Құсайынов, кітап авторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Бұл кітап не жайында? Ол маңызды деген шайқастарда жауға қаймықпай, Ұлы Жеңіске жету жолында шешуші рөл атқарған қазақстандық әскери құрылымдардың ерлігі жөнінде баяндайды. Мәселен, 314-ші және 309-шы дивизиялар Ленинградты екінші жау блокадасынан босатты. Неміс әскері Москваға жақындап қалған сәтте Ақтөбелік 316 мен 312-ші және 238-ші Семейлік әскери жасақтар дер кезінде көмекке келді. Сібір дивизиялары бұл жорыққа аттанбас бұрын ол жердің қорғанысын біздің қазақстандық дивизиялар ұстап қалды. Жалпы маскваны жауға бермеуде олардың ерліктері өлшеусіз болды. Кітап сондай-ақ, сол жылдардағы қару жарақпен әскери жабдықтар жөнінде толық мәлімет береді.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов              

 

×