Сарапшы: Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы

Ана тілімізді латын әліпбиіне көшіру Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру үдерісін жеделдете түседі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Базарбаева біздің телеарнаға берген сұхбатында осындай пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, әлем халқының 80-90 проценті латын қарпімен жазып оқиды. Сондықтан өзге халықтарға қазақтың бай әдеби мұрасымен, мәдениетімен және тарихымен танысу оңайырақ болады.

ЗЕЙНЕП БАЗАРБАЕВА, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР:

 - Бұл жетілдірілген латын әліпбиі орфографиялық топ отырыстарында, семинарларда, дөңгелек үстелдерде, конференцияларда талқыланды және оны мамандар ғана емес, жалпы қоғам өкілдері де жоғары бағалады. Енді бұл түзетілген әрі жетілдірілген әліпби мен орфография ережелері Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

×