Түркияда 29 қыркүйекте IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

Түркияда 29 қыркүйекте IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 5 түрінен сайысқа түседі. Бұл жөнінде еліміздің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті. Оның дерегінше, барлығы 50-ге тарта отандық сайыпқыран көкпар, жанбыату, дәстүрлі садақ ату, көкбөрі мен қазақ күресінен бап сынамақ. Бұл жолы алғаш рет үш нәзік жанды балуанымыз боз кілемде ыйық тіресетін болады. Дала тартыстарына бапталған әр спортшыдан үміт зор.  

САМАТ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР МСМ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мемлекет тарапынан спортшылардың ойындарға дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалды. Атап айтқанда, биылдың өзінде  көкпар спортынан құрама команда 4 жаттығу жиын өткізді, қазақ күресінен 3 жаттығу жиынын шет елдерде өткізді. Спортшылар арнайы қажетті спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Бұған дейін тек Қырғыз елінде ұйымдастырылған  Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұл жолы 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында өтеді.