Қазақстанда отандық кинематографияны дамытуға бағытталған ұлттық кинокомиссия құрылады

Қазақстанда отандық кинематографияны дамытуға, ілеспе қызметтердің сапасын арттыруға және шетелдік инвестициялардың ағылуына ықпал ететін Ұлттық кинокомиссия құрылады. Бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нұртөре Жүсіп айтты. Тиісті норма Кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында айқындалған.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

– Заң жобасында балалар анимациялық фильмі, отбасылық көруге арналған фильм санаттарында, шетелдік кинокартиналардың міндетті түрде дубляжі енгілізеді. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге және барлық аудитория үшін фильмдердің қолжетіміділігін арттыруға бағытталған нормада көзделген. Ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері – 70 проценті тарихи, патриоттық және имидждік, 30 проценті жеке кино жобаларды, оның ішінде дебютті фильмдерді қаржыландыруға, бюджет қаражатын қоғамдық маңызы бар шығармашылық жобаларды іске асыруға бағыттауға ықпал етеді.

Сенат депутатының айтуынша, заң жобасын тұтастай қабылдау отандық кинематографияны қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады деп күтілуде. Айта кетейік, сенат депуттатары құжатты бірауыздан мақұлдады.