Байқоңырға саяхат ұтып ал: «Біз қарапайым ғарышпыз» жобасы бастау алды

Байқоңырға саяхат ұтып ал: «Біз қарапайым ғарышпыз» жобасы бастау алды

Енді Байқоңырдан зымыранның ұшуын өз көзіңмен көруге болады. Ол үшін тек жолдама ұтып алу қажет. Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Біз қарапайым ғарышпыз» әлеуметтік жобасын іске қосуда. Онда 12 қазанға дейін арнайы хэштег бойынша челлендж ұйымдастырылады. Челленджге қатысушылар ғарыш туралы қызықты білімдерімен бөлісіп, не болмаса  ұшқыш-ғарышкер және еліміздің Халық қаһарманы Айдын Айымбетовке қызықты сұрақтар қоя алады.