Бас шаһарда жаңа Ту мен Елтаңба пайда болады

Бас шаһарда жаңа Ту мен Елтаңба пайда болады

Елорданың жаңа Туы мен Елтаңбасы пайда болады. Тиісті шешімді қала мәслихаты дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Онда қала рәміздерінің егжей-тегжейлі сипаттамасымен қатар, оларды пайдалану тәртібі де көрсетілген. Мысалы, елорданың туы - мемлекеттік және қалалық мерекелер кезінде, ресми рәсімдер мен қала әкімшілігі, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар өткізетін басқа да салтанатты іс-шаралар кезінде көтеріледі. Тудың бейнесі Астана қаласының наградалары мен құрметті атақтарында, елордада орналасқан мемлекеттік органдардың белгілеріне орналастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл символды мемлекеттік мереке күндері қалалық жолаушылар көлігіның сыртқы бейнесін безендіру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

Ал Елтаңба - елорданың көркем безендірілуінде қолданылуы мүмкін. Оның бейнесін жұмыс кабинеттерінде, отырыс залдарында, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың төбесіне иелерінің қалауы бойынша орнатуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, оны мемлекеттік органдардың көліктеріне, қалалық жолаушылар көлігін немесе мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы арнайы қызметтердің көлігін рәсімдеуде қолдануға болады.  Алайда, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге өз мөрлерін дайындау кезінде бұл символдың бейнесін пайдалануға тыйым салынады, делінген құжатта.