Қазақстанда Президент сайлауы қалай өтеді?

Қазақстанда Президент сайлауы қалай өтеді?

Қасым-Жомарт Тоқаев елде ауқымды сайлау процесін бастады. 23 қыркүйектен бастап президенттікке кандидаттарды ұсыну басталады. Сайлаушылардан қол жинауды, сондай-ақ жоғары лауазымға кандидаттарды қай ұйымдар ұсына алатынын реттеуді қамтитын қатаң тәртіп бар. Сонымен қатар, сайлау туралы Заңға сәйкес қазақстандықтар өзін-өзі ұсына алмайды.

Оразғали Селтеев, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

– Кандидаттар кез келген республикалық қоғамдық бірлестіктен ғана сайлауға түсе алады. Бұл соынмен бірге партиялар да болуы мүмкін. Сондай-ақ, бізде, мысалға алатаны болсақ, «Атамекен» ұлттық палатасы бар. Азаматтық альянс, түрлі кәсіподақ бар. Олар заңды тұлға ретінде тіркелгендіктен, президенттік сайлауға қатысуға толық құқығы бар.

Сайлау жарнасын төлеп, сәйкестігін тексергеннен кейін бір айдан соң ОСК мемлекет басшысы лауазымына үміткерлердің есімдерін ресми түрде жариялайды.

ҚР Президенттігіне үміткерлерге қойылатын талаптар

Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы лауазымына тек Қазақстанда туған азамат ғана үміткер бола алады. Оның жасы 40-тан төмен емес, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, жоғары білімі және бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуы тиіс. Сондай-ақ, соңғы 15 жыл бойы ел аумағында тұрған болуы керек. Соңғы талаптың өз ерекшелегі де бар.

Индира Әубәкірова, ҚР Конституциясына өзгерту енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі:

– Шетелде қалып, мемлекеттің кез келген тапсырмасын орындайтын адамдар, шын мәнінде, Қазақстанның атынан әрекет етеді. Шетелдегі қазақ халқының атынан, әрине, мұндай жағдайларға ерекшелік қарастырылған. Яғни, олардың ол жерде тұруы уақытша. Бұл уәкілдер тек еліміздің азаматы және шенеуніктері ретінде ғана жұмыс атқарады. Егер біз осы нормативтік талапты енгізу мақсатын түсінуге тырысатын болсақ, онда бұл мемлекеттің бірінші тұлғасының мәртебесін міндеттейтіні анық, ол тек осы елдің мүдделерін дәйекті түрде қорғауға және өзге мемлекеттердің мүдделерінің әсерімен байланысты болуы мүмкін тәуекелдерді азайтуға тиіс.

Бұл талаптардың барлығы «Сайлау туралы» Конституциялық заңда нақты көрсетілген. Сондай-ақ, онда азамат президенттікке үміткер бола алмайтын тармақтар да бар. Үміткерлердің санына келетін болсақ, оған шектеу қойылмаған. Тіркеу мерзімі аяқталған күнге дейін президенттікке екіден кем кандидат ұсынылса, ОСК ұсыну мерзімін 20 күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Бұл ретте әрбір үміткер дауыс беру күніне екі күн қалғанда кез келген уақытта өз кандидатурасын алып тастай алады.