Әскери теңізшілер оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Әскери теңізшілер оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Маңғыстау теңіз жаяу әскерлері суда соғысу тәсілдерін пысықтап жатыр. Оқу-жаттығуларға Каспий флотилиясының 100-ден астам жаяу әскері қатысты. Әскерге жаңадан шақырылғандар үшін броньды транспортердегі алғашқы жүзу мамандандырылған учаскеде өтті. Теңізшілердің кезекті дәрісі жағалаудан 50 метр қашықта өтіп жатыр. Су жолының ұзындығы - 500 метр. Теңіз десанты екі метрден астам тереңдікке сүңгуде. Айта кетейік, бұл – әскердегі механик-жүргізушілерді оқытудың екінші кезеңі. Бұған дейін ұрыс техникасының механик-жүргізушілері бұған дейін жаттығу кешенінде машықтанған еді. Жаттығулар 19 тамызға дейін жалғасады.

Нұрдос Болатқайзин, №25744 теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:

– Бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортерлері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.