Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлері бұғатталады

Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлері бұғатталады

Қазақстан жалған нөмірлерді бұғаттауды және ұялы телефон нөмірлерін тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қолға алмақ. Бұл жайында әлеуметтік желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады.

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл бағытта ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Соңғы уақытта интернет пен телефон арқылы жұртты тақырға отырғызып кететіндер аса белсенділік танытып отырғаны туралы бұған дейін Ішкі істер министрлігі хабарлаған болатын. Егер 2016 жылы бұндай қылмыстың 1 мыңға жуығы тіркелсе, былтыр 21 мыңға дейін өскен. Ал биыл жыл басынан бері 11 мың 700-ден астам жағдай тіркелген. Бүгінде байланыс операторларының рұқсат етілмеген трафикке қарсы өзара іс-қимыл схемасы әзірленіп, іске асырылуда.