9 шілдеде Құрбан айт мерекесі басталады

9 шілдеде Құрбан айт мерекесі басталады

Күллі мұсылман үшін қасиетті Құрбан Айт мерекесі биыл 9-шілдеде басталады. Бұл күндері мұсылман қауымы Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман, оның ішінде жолаушы еместерге және жағдайы жететін адамдарға  құрбан шалу игі амал саналады. Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды.   

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти:

– Біздің айтарымыз, осы құлшылық кезінде, Аллаға адамдар құрбандық арқылы жақындауға ниет қылған кезде олардың құлшылығына қиындық туындатпасақ. Сол халықтың жағдайына қарай қол ұшын созатын болсақ, үлкен сауапты амал болады.