Елорда тарихына арналған жаңа жинақ жарық көрді

Елорда тарихына арналған жаңа жинақ жарық көрді

Тек мұрағат деректерінен құрылған елорданың алғашқы тарихи жылнамасы. «Архивтік құжаттардағы Тәуелсіз Қазақстан астанасының тарихы» атты жаңа  жинақ жарық көрді. Деректі еңбек Алатау бөктерінен Сарыарқа төріне қоныс тепкен бас шаһардың іргесін қалаудан бастап геосаяси және экономикалық ахуалынан толықтай сыр шертеді.  Ондағы ресми деректердің дені әлі күнге дейін қалың көпшілікке жарияланбаған. Қаланың жасыл белдеуін құру және мәдени келбетін қалыптастыруға қатысты қабылданған бірқатар құжаттарда қамтылған. Жинақ ҚР Президенті, елміздің Ұлттық, Нұр-Сұлтан қаласының және Орталық мемлекеттік архивтердің қорындағы кино-фото құжаттармен, дыбыстық жазбалармен, қала басшылары және сәулетшілеріне қатысты тың ақпарат көздерімен толықтырылған.  

Бейсенбай Жұмабеков, ҚР Президенті архивінің директорының орынбасары:

– Зерттеушілер, ғылыми азаматтардың барлығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Сондықтан  әрі қарай тағы да осындай үлкен кітаптар дүниеге келеді деп отырмыз. Сондықтанда бұл ең бірінші бастамасы. Бірақ бұл жерде айтып кету керек, ол уақытта материалдардың барлығы кезінде орыс тілінде қалыптасқан, архив құжаттары бәрі орыс тілінде. Сондықтан біз қазір оны қазақ тіліне ауыстырамыз деп үлкен бір сондай жұмыс жасап жатырмыз.