Қазақстаннан 430 әскери қызметкері БҰҰ бітімгерлішік миссиясына аттанады

Қазақстаннан 430 әскери қызметкері БҰҰ бітімгерлішік миссиясына аттанады

Қазақстандық 430 әскери қызметкер БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберіледі. Сарбаздар Орталық Африка, Конго және Мали елдеріндегі тұрақтандыру жөніндегі миссияларға, сондай-ақ Ливандағы уақытша күштер құрамына қатысады. Бұл туралы Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мемлекет басшысының ұсынысын оқу барысында мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін БҰҰ миссияларына жіберу туралы ұсыныс енгізген  еді.

Руслан Жақсылықов, ҚР қорғаныс министрі:

– 2014 жылдан бастап 45 офицер Батыс Сахарада, Кот-д’Ивуа́рда, Ливандағы миссияға әскери байқаушы және штаб-офицері ретінде, 2018 жылдан бастап – 520 әскери қызметші бітімгершілік бөлімше құрамында Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысты. Қазір Батыс Сахарада – 6, Ливандағы уақытша күштерде – 9 әскери қызметші жүр. Ұйым басшылығы біздің әскери қызметшілердің даярлық деңгейін жоғары бағалап, бітімгерлер санын арттыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, министр бітімгерлер ретінде сыртқа жіберелін әскери қызметшілерге қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетіне қатысты депутат сауалына жауап берді.

Руслан Жақсылықов, ҚР қорғаныс министрі:

– Заңға сәйкес,  қатысу кезінде 3 есе жалақы, қайтып келгеннен кейін мемлекет есебінен емделу, жыл сайынғы демалысқа екі апта қосымша демалыс, қатысу кезінде жеңілдікті шарттармен 1 айы 1 жарым ай болып есептеледі.

Бірлескен палата отырысында депутаттар Президент ұсынысын қабылдады.