«48 сағатта түсіру»: Орталық Азия елдері кинематографистеріне арналған конкурс

«48 сағатта түсіру». Орталық Азия елдерінің кинематографистеріне арналған жыл сайынғы байқау 9 шілдеде басталады. Қатысушылар екі күн ішінде  ұзақтығы 4 минуттан аспайтын қысқаметражды фильм түсірулері керек. Ол шығармашылық тапсырма негізінде орындалуы тиіс. Картина сөз тіркестері мен кейіпкерден тұрады. Айта кетейік, фильм өндірісінің толық цикліне, сценарийді дайындау, түсіру және пост-продакшнге 48 сағат беріледі.

Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Алдымен, ТОП 48 шорт-лист таңдалады, содан кейін халықаралық қазылар алқасының қорытынды дауысы жүргізіледі. Ал барлық шарттарды сақтай отырып жасалған картиналар кинотеатрларда көрсетіліп, байқаудың YouTube арнасында жарияланады.

Жеңімпаздар сонымен қатар Нью-Йорк киноакадемиясында интенсивті кино түсіру курсынан өту мүмкіндігіне, режиссура, сценарий жазу, продюсерлік, монтаждау/пост-продакшн, операторлық және т.б. салалардағы NYFA   тегін онлайн-стипендияларына ие болады.