Референдумға дайындық жүріп жатыр

Референдумға дайындық жүріп жатыр

Алыс-жақын шет елдерде Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру үшін 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның үшеуі Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында орналасқан. Учаскелер дипломатиялық миссия өкілдіктерінің жанынан ашылған. Оларда  осында білім алып жатқан үш мыңға жуық қазақстандық студент және дипломатиялық миссия өкілдері мен туристер дауыс бере алады. Сондай-ақ денсаулығына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік те қарастырылған.

Асан Мәжітов, № 286 сайлау учаскесі комиссия Төрағасының Орынбасары:

– Дауыс беру үшін Қазақстан азаматының жарамды жеке құжаты болуы тиіс. Анталиядағы, Ыстамбұлдағы Бас консулдығымыз және Елшілігіміз консулдық есепте тұрған азаматтарымызға бұл ақпараттарды жеткізуде. Өз тарапымыздан Қазақстан азаматтарын ең жақын сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз.

Тілек Махамбетжан, студент:

– Референдум еліміз үшін өте маңызды. Және мен Қазақстан Республикасынның азаматы ретінде өзімнің пікірімді білдіруді азаматтық борышым деп білемін. 5 мамыр күні болатын референдумға өзімнің достарыммен бірге барып, өз ойымды, өз пікірімді білдіремін. Және барша отандастарымызды дауыс беруге шақырамын.

Референдумды өткізуге дайындық Брюссельде де қызу жүріп жатыр. Отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі ашық. Сайлау учаскелелері бесінші маусымда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Тимур Сұлтанғожин, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

– Қазіргі есеп бойынша, Бельгиядағы референдумға Қазақстанның 200-ге жуық азаматы қатысуы мүмкін. Басқа да отандастарымыз болса, біздің консулдық бөлімшеге хабарласуын сұраймыз. Алдағы референдум туралы ақпаратты Фейсбук пен интернет-порталымыз және смс хат арқылы таратып жатырмыз. Мемлекет басшысы қолға алған реформалар мен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасы азаматтарымыздың үлкен қызығушылығын тудырып отыр, сондықтан көп адам келеді деп күтеміз.