Елордада Әди Шәріпов жайлы көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті

Елордада Әди Шәріпов жайлы көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті

Шынайы оқиғаға негізделген картина. Елордада екінші дүниежүзілік соғыста  Беларусь аумағындағы фашистердің шабуылын табандылықпен тойтарған қазақ батыры Әди Шәріповке арналған «1941 жылдың жазы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Шара Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орайластырылған.  Туынды Беларусь елінде, кейбір сахналары Алматы облысында түсірілді.  Басты рөлді Ресейдегі қандасымыз Азамат Нығманов сомдаған.  Айта кетейік, Әди Шәріпов - қазақтың ғалымы, көрнекті жазушысы әрі қоғам қайраткері. Соғыс жылдары ол немістер басып алған Беларусь аумағындағы партизан отрядын алғашқылардың бірі болып басқарған жауынгер.

Павел Утюпин, Қазақстандағы Белорусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:

– Соғыс ардагерлерінің саны жыл өткен сайын азайып келеді. Қазақстанда олардың 600 –ден астамы ғана қалды. Яғни, сол сұрапыл соғысты өз көзімен көріп, сонда батырлықпен жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың қатары сиреп кетті. Ардагерлеріміздің басынан өткен қиын қыстау кезеңді олардан басқа ешкім бізге шынайы айтып бере алмайды, сондықтан осындай фильмдерді түсіру арқылы біз келер ұрпаққа соғыстың қиыншылықтары мен қасіретін көрсете аламыз.