Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Биыл еліміз бойынша 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуына байланысты, мектеппен қоштасу мерекесі дәстүрлі форматта өтеді. Білім ордасын үздік оқыған 8 мың 139 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер ретінде тіркелді. Министрлік аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусымға жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ  мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы биыл өзі ұйымдастырады. Іс-шараны өткізу үшін жеке студияларды жалға алуға, аниматор, агенттіктер, әртістерді тартуға, мерекелік дастархан жаюға, жалға автокөлік алып, экскурсияға шығуға, сыйлық алуға қаражат жинауға,  ойын-сауық мекемелерінде  көңілді кеш ұйымдастыруға тыйым салынады.

Автор: Әсел Күшенғалиева