Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды. Өтінімдер тамыздың 10-ынан қабылдана бастайды. Үміткерлер әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы аталымдары бойынша іріктеледі. Кандидатураларды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері ұсынады. Жастар сыйлығына ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спорт салаларында жемiстi жетістіктерге жеткен жасы 29-дан аспаған қазақстандықтар үміттене алады. Жеңімпаздар ел Тәуелсіздігі қарсаңында жарияланады.