Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер іске қосылады

Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер іске қосылады

Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер іске қосылады. Осылайша 2 маусымнан бастап Алматыдан Ереванға ұшақ ұша бастайды. Тасымалдаушы авиакомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейс аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Шілде айынан бастап Германия қалаларына да әуе рейстерінің саны көбейеді. Орал-Франкфурт бағытын қосқанда олардың саны аптасына 15-ке дейін артады. Ал осы жұмадан Қазақстаннан Түркияға аптасына 124 ұшу орындалады деп жоспарланып отыр.