«KEGOC» компаниясында Орталық Азияда жарықтың өшу себебі айтылды

«KEGOC» компаниясында Орталық Азияда жарықтың өшу себебі айтылды

Қазақстанда электр энергиясы Өзбекстанның Сырдария жылу электр станциясындағы қысқа тұйықталу салдарынан ажыратылған. Бұл туралы «KEGOC» компаниясы мәлімдеді. Олардың айтуынша, 6 энергоблок істен шыққан. Жалпы жоғалған генерацияның көлемі 1 500 МВт-қа жетті.

«Өзбекстанның энергожүйесінде пайда болған электр қуатының тапшылығы Өзбекстан және Қырғызстанның энергетикалық жүйелерімен қатар, жұмыс істеуге қосылған Қазақстанның энергетикалық жүйесінен рұқсатсыз электр қуатын тарта бастауына алып келген. Нәтижесінде «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» желісіне салмақ түскен», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда жарық өшіп қалған еді. Салдарынан Алматы қаласы мен республиканың оңтүстік облыстарының тұрғындары электр қуатынсыз қалды. Ал көрші елдерде электр жарығы мүлдем болмаған.