Қазақстанда карантин шаралары ауқымды түрде жеңілдетілді

Қазақстанда карантин шаралары ауқымды түрде жеңілдетілді

Қазақстанда бизнес субьектілері үшін карантин шараларының ауқымды жеңілдіктері қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Министр Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомствоаралық комиссияда бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдері қаралып, мақұлданғанын айтты. Бірінші кезекте бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғастырылады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- «Жасыл» және «көк» мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, объектіде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталды. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «Ashyq»-та тек «жасыл» мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі. Спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілерінің, ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды.

Сондай-ақ сала басшысы елімізде пандемия басталғалы бері бизнестің барлық саласында карантиндік шаралардың мұндай кең ауқымдағы жеңілдіктері болмағанын баса айтты. Мысалы, «көк» мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар объект үшін «жасыл» аймақта шектеулер толық, «сары» аймақта 70% дейін, ал «қызыл» аймақта 60% дейін алынып тасталады.

Авторы: Ақзер Сегізбай