Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге төлемдер беріле бастады

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге төлемдер беріле бастады

Алматыда қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендерге төлем беріле бастады. Бұл туралы шаһардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында белгілі болды. Қаржылық көмекті жеке тұлғалар, атап айтқанда мемлекеттік органдар, ауруханалар мен БАҚ қызметкерлері алады. Бұл санатта барлығы 603 адам бар. Қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеровтің айтуынша, ауыр жарақат алғандарға 2 млн теңге, орташа дәрежеде 1 млн теңге, жеңіл түрде жарақат алғандарға 500 мың теңге өтем жүргізіледі. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлерге 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек жасалады. Бұл полиция, төтенше жағдайлар департаменті, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және құтқару қызметінің мамандары. Барлығы 9 066 адам қамтылған.