ҚР СІМ: Еуропалық Парламенттің қарары объективті емес

Еуропалық Парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие және объективті емес. ҚР СІМ осындай тұжырымдарға негізделген мәлімдеме жасады. Елдің сыртқы саясат ведомствосы қаңтардағы қайғылы оқиғаларға объективті баға берудің болмауы алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Яғни ресми тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдау қисынсыз деп санайды. Қарар жобасын әзірлеу кезінде Еуропалық Парламент депутаттары ресми тұлғалардан ешбір нақтылама ақпараттар мен түсіндірулер сұрамаған. Министрлік Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі бола отырып, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерді сақтауды толығымен ұстанатынын еске салды. Еліміз сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күресті қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қомақты үлес қосып келеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов