Қазақстандық кәсіпкерлер өнімдерін Alibaba-да жарнамалай алады

Биыл тағы 70 қазақстандық кәсіпкер өз өнімдерін Alibaba халықаралық сауда алаңында жарнамалай алады. «Алтын жеткізуші» мәртебесі тұтынушыларды табу және тарту үшін нарықтың барлық функционалдығын пайдалануға мүмкіндік береді. Келесі аптадан бастап шикізаттық емес өнімдерді жеткізушілер арасында іріктеу өтеді. Экспорттаушыларды халықаралық сауда алаңына шығару бағдарламасының операторы – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы.

Айта кетейік, қазірдің өзінде Alibaba-да 150 қазақстандық компания жұмысын дөңгелетіп отыр. Бүгінде бұл компаниялармен жасалған экспорттық келісімшарттардың сомасы 120 млн долларды құрайды. Нарықта барлығы 4 мыңға жуық қазақстандық тауар ұсынылған.