Қазақстанда мониторингтік топтардың жұмысы жанданады

Қазақстанда эпидахуалдың күрт нашарлап, коронавирусқа шалдыққан науқастар санының артуына байланысты мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданады.

«Біз мұндай жағдайдың боларын болжадық. Барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстап, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты негізгі алдын алу шараларын бұлжытпай орындау керек. Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғырлым өсуіне алып келеді. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет», – деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы мониторингтік топтарға науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол бермеу керектігін тапсырды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов