Шетелдегі қазақстандық туристер Нұр-Сұлтан арқылы елге орала алады

БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және ГОА-дан оралуы тиіс қазақстандықтар елорда әуежайы арқылы елге келе алады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Вице-министрдің міндетін атқарушы Берік Камалиев қысқа мерзімде отандастарымызды эвакуациялау кестесін әзірлеуді тапсырды.

Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық турист Алматы әуежайы жұмысының тұрақсыздануына байланысты елге орала алмай жатқанын айта кеткен жөн.