ҚР СІМ: кейбір шетел баспасөзі жалған ақпарат таратуда

Бірқатар шетелдік баспасөз Қазақстандағы жағдай туралы «үстіртін және бір жақты ақпарат» таратып жатыр. ҚР СІМ-нің ресми сайтында осындай мәлімдеме жарияланды. Ведомство қазақ билігінің қарулы күштері мен құқық қорғау органдары бейбіт шерушілерге емес, террористерге қарсы күресіп жатқанына баса назар аударған. Сондай-ақ СІМ эктремистік топтарға қарсы әскери қимылдарды ҰҚШҰ-ның бітімгерлері емес, Қазақстан әскері жүргізіп жатқанын ескертті. ҰҚШҰ-ның күштері жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші өтінішінен кейін-ақ ел аумағынан кететіні анық.