Шетелдегі қазақтар көңіл айтуда

Жалпыұлттық аза тұту күніне дүниежүзіндегі отандастарымыз да үн қосып, көңіл айтуда. Киевтегі қазақ диаспорасының өкілдері еліміздің Украинадағы Елшілігіне келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

Алмагүл Кенжебаева, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Біз бірнеше жылдан бері Киевте тұрамыз. Бірнеше рет осындай жағдайларды бастан өткіздік. Мұнда тұратын қазақтар бірге болсақ, бізді ешкім ала алмайтынына сенімдімін. Күн сайын бір-бірімізбен хабарласып, Отанына орала алмай отырған қандастарымызды тамақпен және баспанамен қамтамасыз етіп, көмектесудеміз.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстамбұл және Анталия консулдығында да көк туымыз төмен түсірілді. Елшілікке келген Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер шейіт кеткен сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың қазасына қайғырып, көңіл айтты.