Елімізде кейбір онлайн қызмет түрлері интернетсіз қосылады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин мәлімдеді. «Халықты елдегі қаржы институттарының қызметінен тегістей айырмас үшін, министрлік банктік ұйымдармен бірлесіп кейбір ресурстарға интернетке тәулік бойы тәуелсіз болатын механизм ойластырды», - деді ол. Қазір үш ірі банктің мобильді қосымшалары мен ақпараттық порталдар интернетсіз ашылып тұр. Сондай-ақ Бағдат Мусин Қазақстан аумағында ғаламтор көздерінің бұғатталу себебін түсіндірді. Интернет лаңкестік топтардың әрекетіне байланысты жұмыстарды координация жасап, жоспарлау үшін шектеулі түрде берілетінін айтты.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов