Ақтау қаласында жағдай бірқалыпты

Ақтау қаласы қалыпты өмірге оралып жатыр. Шаһардың орталығындағы Ынтымақ алаңында адам жоқ. Мұнда жиналған халық үйді-үйлеріне тарап, киіз үйлер жиналған. Сонымен қатар жолға қойылған бөгеттер де алынып тасталды.

Қазір жол ашық. Көлік қозғалысы қалпына келген. Тағы айта кететін жайт, 8 қаңтардан бастап қоғамдық көлік те өз жұмысын жандандырды. Қала тұрғындары жағдайдың қалпына келгеніне қуанышты екендерін айтты.

Блиц:

- Мен біздің жігіттерге үлкен рахмет айтқым келеді, олар талап еткен барлық ұсыныс орындалды. Барлығына қол жеткізді. Басқа ештеңе жоқ. Алматыдағыдай емес, бәрі тыныш болды. Алматылықтардың барлығына сабыр мен денсаулық тілеймін! Біздің жерлестерге ереуілді бейбіт түрде өткізгендеріңізге рахмет айтамын, қалағандарына қол жеткізді. Бәрі бейбіт аяқталды.

- Жолдар ашылды, дүкендер, базар жұмыс істейді. Тағы не керек? Бәрі керемет.

- Қазір жолдар ашық, киіз үйлер жиналды. Бізде ереуілдің жүргені сезілмеді десе де болады. Мен №21 үйде тұрамын, мәдениетті жігіттер, мас адамдарды көрмедік. Бәрі жақсы, ешкім төбелескен жоқ. Тек су сұрап келді. Мен бірінші қабатта тұрғандықтан, шай ішсін деп ыдыстарына су толтырып беріп отырдым. Суық болғандықтан адамдарды аядым.