Елордаға кіріп-шығуға шектеу қойылды

Елордаға кіріп-шығуға шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 6 блокбекет қойылды. Олар Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын және Астрахан бағыттары. Бұл туралы қалалық полиция департаментінде хабарланды. Бас шаһарда кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін елордаға кіріп-шығу бойынша коменданттық сағат енгізілді. Шектеу шаралары қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаладағы ахуал тәртіп сақшыларының толық бақылауына алынды.

Ержан Сәденов, қалалық полиция департаментінің бастығы:

- Аталған уақытта тұрғындар мен жалпы транспорттың жүруіне шектеу қойылды. Бірақ қаланың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлері транспортпен арнайы пропуск арқылы жүруіне болады. Жалпы қала тұрғындарына айтарым, қоғамдық орындарға көп бармай, үйде отыру керек. Өз балаларыңыздың жүрген жерлерін қамтамасыз ету маңызды.

ІІМ: республика бойынша 70 блок-бекет қойылды

ІІМ-нің дерегінше, республика бойынша 70 блок-бекет қойылған. Олар тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бұл шаралар елдегі төтенше жағдайға байланысты жүзеге асырылуда. ІІМ ақпараты бойынша, барлық әкімдіктер босатылып, күшейтілген күзетке алынды.