Қызылорда облысында террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді

Қызылорда облысында террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді

Қызылорда өңірінде де террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Облыс аумағында террористік қауіптің қызыл шекті деңгейі енгізілді. Қаруланған топ облыстық, қалалық әкімдікке, «Nur Otan» партиясы мен облыстық сот ғимаратына шабуыл жасаған. Қызметкерлер шұғыл түрде көшірілген. Облыс бойынша 168 адам ауруханаға жүгінді. 77-сі жатқызылды. 38 азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Аймақта арнайы жедел штаб құрылды.