Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды

Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды

Алексей Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шықты. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кеткен.

Айта кетейік, экс-министр 2020 жылы бұл лауазымға тағайындалған еді.