Ұлттық банк тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған монеталар шығарды

Ұлттық банк тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған монеталар шығарды

«Táýelsiz Qazaqstanǵa 30 jyl» коллекциялық монеталары жақын арада айналымға шығарылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі. Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. Монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.