Елімізде ішкі туризм дамып келеді

Елімізде ішкі туризм дамып келеді

Қазақстандықтар арасында ішкі туризм дамып келеді. Оған әсіресе, пандемияға байланысты жабылған шекаралар ықпал етіп отыр. Мәселен, биыл алты айда демалыс орындарында 2 млн 100 мың адам тыныққан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Сәйкесінше елдегі қонақүйлер мен демалыс орындары, шипажайлар 6 айда 44 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Сонымен қатар сарапшылар отандық демалыс орындарына келетін туристер ағыны әлі де артады деп болжап отыр. Туризмді тартымды ету мақсатында 10 негізгі бағыт анықталып, инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ келер жылдан бастап шетелден қонақ тартқан туроператорға бір саяхатшы үшін 15 мың теңге көлемінде қолдау қаржысы берілетін болды. Бұған қоса саяхатшыны тіркеу жүйесі цифрландырылады.

Ернұр Кенжебеков, «Қазақ Туризм» ҰҚ баспасөз хатшысы:

- «E-Qonaq» ақпараттық жүйесі елімізге келген шетелдік азаматтарды тіркеуге, оларға миграция және басқа да қызметтерге бармай-ақ онлайн орналасуға мүмкіндік береді. Өзінің жеке құжатын көрсету арқылы жүйеге енеді, біз де оның барлығын көре аламыз. Алдағы уақытта елімізге қанша турист, қандай елдерден келгенін онлайн режимде бақылай алатын боламыз.