Ұлттық музейде «Жарқын болашақтың Нұрлы бастауы» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде «Жарқын болашақтың Нұрлы бастауы» көрмесі ашылды

«Жарқын болашақтың Нұрлы бастауы». Елордада Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған бірегей экспозиция ашылды. Көрмемен аттас туынды шараның басты нышаны болды. Ол – кеңге танымал қазақстандық және кеңестік суретші Николай Третьяковтың 1960 жылы жазылған еңбегі. Қылқалам шебері еліміздің №8 кәсіптік-техникалық училищесінің болашағынан мол үміт күттірер үлгілі түлегі – Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысы, Шамалған кентіндегі туыстары және жерлестерімен кездесуін бейнелеген. Бірегей туындының дүниеге келуіне «Дзержинец» газетінде басылған елдің тұңғыш басшысының үлкен жетістіктері туралы мақала түрткі болған. Сондай-ақ көрмеде Елбасының өмірі мен қызметінен сыр шертетін суреттер, фотоқұжаттар ұсынылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- Суретші осы картинасын жазған кезде «Үлкен жолдың басында» деген атау берген еді. Онда жас студент өз жерлестері және жақындарымен жетістіктері жайында бөліседі. Автор еңбегін жас маманның үлкен жолының басы деп атап, Елбасының болашағын болжағандай болды. Третьяковтың керемет көркем шығармасына қазір жаңа серпін, жаңа өмір бере алатынымыз біз үшін зор мәртебе.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов