Елордада ҚХА-ның халықаралық конференциясы өтті

Елордада ҚХА-ның халықаралық конференциясы өтті

«Тәуелсіздіктің 30 жылы: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт». Осындай атаумен өткен ҚХА-ның халықаралық конференциясының қатысушылары егемендік жылдары елімізде қалыптасқан этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің жетістіктерін талқылады. Іс-шара алдағы қос мерекеге – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің мерейтойына орайластырылған. Жиынға ҚХА-ның мүшелері, елшіліктердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Сарапшылар этносаясаттың, мәдениет саласындағы халықаралық байланыс және жаһандану дәуіріндегі ауызбіршілікті қалыптастырудың өзекті мәселелерін ортаға салды. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваның айтуынша, бүгінде Қазақстанда әрбір азаматтың ұлтына қарамай дамуы үшін барлық жағдай жасалған және әрбір этностың төл мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау үшін тең мүмкіндіктер қарастырылған.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасының дана саясаты және көрегендігінің арқасында ҚХА құрылды. Ол көп ұлтты ел халқының бірлігін жарастырған бірегей қоғамдық институтқа айналды. Осылайша Көшбасшымыздың достық шырағын жаға білуінің арқасында Қазақстан толағай табыстарға жетті деп сеніммен айта аламыз. Бүгінде еліміздің аумағын көптеген ұлт мекен етеді. Біздегі халықтың ауызбіршілігі көпшілік үшін үлгі. Ұлтаралық келісім саясатының тәжірибесін өзге елдер өздеріне енгізгісі келеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов