Сыртқы туристер саны 4 есе артты

Сыртқы туристер саны 4 есе артты

Жыл басынан бері 350 мың қазақстандық турист шетелде демалған. Бұл былтырғыдан 4 есе артық. Жаңа жыл қарсаңында көрсеткіш тағы да артуы мүмкін. Отандық туроператорлар жылы жаққа баратындар үшін тиімді ұсыныстар дайындап қойған. Құзырлы қауымдастық президенті Инна Рейдің айтуынша, қазақстандықтар арасында әсіресе БАӘ, Мысыр елі, Мальдив аралдары, Таиланд сынды туристік мекендерге сұраныс жоғары, сондай-ақ Үндістанмен тұрақты рейстер қалпына келтірген. Ал Түркияға саяхат жаз айларында сұранысқа ие.

Инна Рей, Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті:

- Пандемия кезеңінде туристік операторлар жұмысын тоқтатқан жоқ. «Туристік Қамқор» қорының арқасында саяхатшыларды межелі жерге жеткізіп, алып келіп отырдық. Қиындықтар аз болмады. Әсіресе осы жазда жұмысымыз көбейіп кетті. Бірақ туристер риза, ең бастысы осы. Біздің елге келгісі келетін шетелдіктер де көп. Апта сайын туристік қауымдастық өкілдерімен сөйлесіп отырмыз. Әзірше ведомствоаралық комиссияның рұқсатын ала алмадық. Жағдай реттеледі деген үміттеміз.