Қазақстан мен БАӘ туризм саласындағы қарым-қатынасын нығайтуда

Қазақстан мен БАӘ туризм саласындағы қарым-қатынасын нығайтуда

Нұр-Сұлтан қаласының туристік әлеуеті жаңа деңгейге көтеріледі. Елордада БАӘ-нің жетекші туристік ұйымдарымен меморандумға қол қойылды. «Astana Invest» басқарма төрағасының орынбасары Жалғас Молжігіттің айтуынша, аталмыш құжат БАӘ-нің ірі инвесторлары мен компания басшыларының қатысуымен халықаралық деңгейде шаралар ұйымдастыруға жол ашады. Туризм пандемиядан ең көп зардап шеккен салалардың бірі екені белгілі. Бүгінде Қазақстан елге туристер ағынын қалпына келтіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыра түскен.

Жалғас Молжігіт, «Astana Invest» басқарма төрағасының орынбасары:

- Мақсат – Нұр-Сұлтан қаласының туристік әлеуеті, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар, конгрестер, көрмелер, спорттық шараларды өткізу бойынша ел астанасының барлық мүмкіндігімен танысу. Біз жасасқан келісім туризм саласын бірлесіп дамытуды, елорданы шетелде, оның ішінде Парсы шығанағында туристік дестинация ретінде дамытуды көздейді.

Авторы: Ақзер Сегізбай