Елдіктің жеті тұғыры: жастардың біліктілігін арттыру

Елдіктің жеті тұғыры: жастардың біліктілігін арттыру

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен қағидаттар жиынтығы жаңа дәуірдегі Қазақстан жастарына жарқын болашаққа бағыт-бағдар сілтейді. Ел Парламентінің төменгі палатасының депутаты Лариса Павловецтің пікірінше, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында республика дамуының негізгі басымдықтары айқындалды. Халық қалаулысы «Елдіктің жеті тұғыры» өскелең ұрпаққа егеменді елдің толағай табыстарын нығайтып, жетістіктерін еселеуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтауға мүмкіндік беретінін айтады. «Жаңа заман заманауи сын-қатерлерге толы. Жастар өмірдің сынына дайын болу үшін ең алдымен өздерін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға ұмтылуы керек. Сондықтан да ел жанды ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, оларға барынша қолдау көрсетуіміз қажет», - дейді депутат.

Лариса Павловец, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 30 жыл ішінде 9,5 млн бала дүниеге келді. Сол ұрпақ бүгін міне, ер жетті. Осы күнге дейін қолға алынған игі бастамаларды жүзеге асыру енді сол жастардың қолында. Олар еліміздің кадрлық әлеуетін жетілдіру, экономика, ғылым және білім салаларын ілгерілету жұмысын жалғастырулары тиіс.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов